The National Interest американдық журналында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің жаңа Негізгі заңы туралы мақаласы жарық көрді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Қазақстан Президенті «Әділ, қуатты және гүлденген Қазақстан үшін жаңа Конституция» атты мақаласында Қазақстанда жақында өткен конституциялық референдум елдің ұлттық даму бағытын ұстанатынын растайтынын атап өткен.
- Қазақстан өзінің саяси трансформациясының ең маңызды кезеңдерінің біріне аяқ басты - мұндай кезең тәуелсіздіктің 35 жылында болған емес. Жақында өткен жалпыұлттық референдум елдің саяси жүйесі жетіліп бара жатқанын, ал азаматтар мемлекеттің болашағын анықтауға тікелей қатысуға дайын екенін көрсетті. «Жақтап» дауыс берудің рекордтық көрсеткіші - 73,12% және 87,15% конституциялық өзгерістерді қоғамның кеңінен қолдағанын көрсетеді, - деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.