«Күй күмбірі»: Ұлттық өнер ұлықталған күн

«Күй күмбірі»: Ұлттық өнер ұлықталған күн

Бүгін ауданымызда дәстүрлі Наурыз мейрамының он күндігі аясында 19 наурыз - Жаңару күніне орай «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар акциясы кең көлемде ұйымдастырылды. Аталған шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің бастамасымен, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе жүзеге асырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – еліміздің мәдени мұрасын сақтау, жас ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастыру, патриоттық рухын көтеру және балалардың домбырада орындау шеберлігін насихаттау. Биылғы Наурыз мерекесі заманауи бағытта, яғни цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктеріне ерекше мән бере отырып, 2024 жылдан бері қалыптасқан Наурызнама онкүндігі форматында өтуде.

Акция барысында оқушылар халық күйлері мен белгілі композиторлардың шығармаларын орындады.

Аудан көлемінде өткен бұл акция жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға зор ықпал етті. Домбыраның күмбірлеген үні арқылы ұлттық рух асқақтап, Наурыз мерекесінің мәні тереңдей түсті.