
Наурыз мейрамының онкүндігі аясында аталып өтетін 19 наурыз — Жаңару күніне орай, ауданымызда цифрлық технологиялар мен инновацияны паш еткен робототехника жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.
Бұл шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың инженерлік ойлау қабілетін дамыту, жас өнертапқыштардың басын қосу және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру.
Көрмеге ауданның ең белсенді 8 білім оршағынан жиналған жас шеберлер өз жұмыстарын ұсынды.
Көрме аясында көпшілік назарына 16 бірегей жоба таныстырылды. Оқушылар тек темірден түйін түйіп қана қоймай, роботтарды бағдарламалау арқылы күнделікті өмірге қажетті пайдалы құрылғыларды жасап шыққан
Жаңару күнінде өткен бұл шара — жастардың болашаққа деген құштарлығы мен жаңа технологияларды меңгеруге деген талпынысының айқын көрінісі. «Болашақ — инженерлер мен ИТ-мамандардың қолында» десек, бүгінгі көрме соның алғашқы баспалдағы болды.
Инновациялық жобалар алдағы уақытта жетілдіріліп, облыстық және республикалық байқауларда аудан намысын қорғайтын болады.