Жаңа бастамалар – тұрақты дамудың кепілі: Конституция аясындағы білім саласындағы маңызды қадам

Жаңа бастамалар – тұрақты дамудың кепілі: Конституция аясындағы білім саласындағы маңызды қадам

«Жаңа бастамалар – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында №7 Келешек мектебінде білім саласы қызметкерлерімен “AMANAT” партиясы Байзақ аудандық филиалы “Сарыкемер” БПҰ мүшелерінің қатысуымен қабылданған жаңа Конституция аясында маңызды семинар өтті.
Іс-шара барысында жаңа Конституцияның басым бағыттары, оның білім беру жүйесін дамытудағы рөлі және қоғамның тұрақты дамуына ықпалы кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар өзара пікір алмасып, саладағы өзекті мәселелер мен болашақ бағыттарды талқылады.
Аталған семинар – білім саласы қызметкерлерінің кәсіби дамуына серпін беріп қана қоймай, елдегі реформаларды жүзеге асыруда олардың белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.