
Байзақ ауданы, Тегістік ауылындағы Ә. Жанқұлиев атындағы орта мектебінде жергілікті тұрғындармен маңызды кездесу өтті. Жиынның басты тақырыбы — Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды халыққа түсіндіру және «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы реформалардың маңызы.
Кездесуге ауыл ақсақалдары, ұстаздар мен белсенді жастар қатысты. Жиын барысында Конституциялық реформалардың мемлекетіміздің саяси жүйесін жаңғыртудағы рөлі туралы егжей-тегжейлі сөз қозғалды.
Жиын соңында ауыл тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, әлеуметтік мәселелер мен құқықтық нормалар төңірегінде тұшымды жауаптар алды. Тегістік жұртшылығы конституциялық өзгерістерді қолдайтынын және бұл қадамдар елдегі демократиялық процестерді жаңа белеске көтеретініне сенім білдірді.