Референдум – халық үні, ел болашағының кепілі

Референдум – халық үні, ел болашағының кепілі

Бүгін Қазақстан тарихындағы айтулы күндердің бірі. Еліміздің әрбір азаматы мемлекеттің ертеңгі бағытын айқындайтын маңызды таңдау жасау үшін референдумға қатысуда. Бұл шара – демократияның ең жоғарғы көрінісі және халықтың мемлекеттік шешімдерге тікелей ықпал етуінің бірегей мүмкіндігі.

Референдум – жай ғана дауыс беру емес, бұл қоғам мен билік арасындағы тікелей диалог. Азаматтардың сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауы — олардың ел тағдырына бейжай қарамайтынының айқын дәлелі. Референдумның ашық, жариялы әрі заң талаптарына сай өтуі қоғамдағы өзара сенім мен саяси тұрақтылықты нығайта түседі.
Таң ертеңнен басталған саяси шарада халықтың белсенділігі жоғары екені байқалады. Жастар да, аға буын өкілдері де бір мақсат төңірегінде біріккен.
Мұндай маңызды саяси оқиғалар халықтың еркін білдіріп қана қоймай, жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына жол ашады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өткізіліп жатқан бұл референдум — Қазақстанның даму жолындағы кезекті нық қадамы.
Әрбір жасалған таңдау — ертеңгі күннің іргетасы. Бүгінгі белсенділік — ертеңгі өркендеудің негізі болмақ.