
Аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері аудандық спорттық-сауықтыру кешенінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ел дамуы үшін маңызды саяси науқан – референдумның маңызы кеңінен түсіндірілді.
Коалиция мүшелері референдум – әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын білдіретін маңызды қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ қатысушыларды алдағы референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, ұжым мүшелері өз ойларын ортаға салып, референдумның ел дамуына қосатын үлесі жөнінде пікір білдірді. Спорт саласының өкілдері де елдегі маңызды бастамаларды қолдап, қоғамдағы белсенділіктің артуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді.