
Аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері аудандағы мектептен тыс мекемелерінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында алдағы референдумның ел болашағы үшін маңызы кеңінен түсіндіріліп, конституциялық өзгерістердің қоғам дамуына қосар үлесі жайында айтылды.
Жиында коалиция мүшелері әрбір азаматтың референдумға қатысуы – елдің тұрақты дамуы мен демократиялық құндылықтардың нығаюына ықпал ететінін атап өтті. Өз кезегінде мекеме қызметкерлері де бұл саяси науқанға бейжай қарамай, белсенді қатысу қажеттігін қолдайтындарын білдірді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, қойылған сұрақтарға жауап алды.