
Аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері К.Әзірбаев атындағы музыка мектебінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ел өміріндегі маңызды саяси науқанның мәні мен маңызы түсіндіріліп, азаматтық белсенділіктің қоғам дамуына қосатын үлесі туралы айтылды.
Коалиция мүшелері ұжым өкілдерін алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырып, әрбір азаматтың таңдауы ел болашағы үшін маңызды екендігін атап өтті. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ой-пікірлерін білдірді.