Референдум – ел болашағы үшін маңызды қадам

Референдум – ел болашағы үшін маңызды қадам

Аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері "ҚазГазАймақ" Байзақ газ шаруашылығы ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында алдағы референдумның маңызы түсіндіріліп, оның ел дамуы мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтудағы рөлі кеңінен айтылды.

Коалиция мүшелері ұжым қызметкерлерін ел тағдырына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды. Өз кезегінде газ шаруашылығының қызметкерлері де пікір алмасып, референдумның қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.