Ата Заң – Тәуелсіздік пен Егемендіктің айнымас кепілі

Ата Заң – Тәуелсіздік пен Егемендіктің айнымас кепілі

Үлгілі орта мектебінде ұстаздар ұжымы мен білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен Конституциялық реформаны талқылауға арналған келелі жиын өтті. Кездесуде жаңа Ата Заң жобасының мемлекеттік бірегейлікті нығайтудағы маңызы мен идеологиялық негіздері сөз болды.
Жиын барысында ең алдымен жаңа Конституция жобасындағы ұлттық құндылықтарға басымдық берілді. Спикерлер құжат мәтініндегі статистикалық мәліметтерге тоқталып, мемлекеттік мүдденің қаншалықты терең ескерілгенін атап өтті.«Тәуелсіздік» сөзі жобада 5 жерде жазылған.«Егемендік» ұғымы 6 рет кездеседі.
Бұл жай ғана сандар емес, бұл — жаңарған Ата Заңның мемлекеттілік іргетасын нығайтуға бағытталған нық қадамы.
Кездесуде Конституция жобасының 23-бабы 6-тармағына ерекше назар аударылды. Онда елдің егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген насихатқа қатаң тыйым салынатыны нақты жазылған.
«Тәуелсіздікке қол сұғуды насихаттауға жол берілмейтінін заң жүзінде бекіту — бұл ұлттық қауіпсіздігіміздің басты шарты. Бұл нормалар жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін оятып, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға қызмет етеді», — деді мектеп ұжымы.
Мектеп ұжымы бұл өзгерістердің білім беру саласы үшін маңыздылығын жоғары бағалады. Қатысушылардың пікірінше, Ата Заңдағы осындай нақтылық жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп, оларды өз елінің ертеңіне жауапты азамат ретінде тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Жиын барысында мұғалімдер реформаның құқықтық тұстарына қатысты сұрақтарын қойып, мемлекеттік тұрақтылықты қолдайтындықтарын білдірді.