
Байзақ ауданы, Базарбай ауылындағы Пушкин орта мектебінің ұжымымен маңызды кездесу өтті. Жиынның басты мақсаты – Конституциялық реформаның негізгі бағыттарын түсіндіру және жаңа Ата Заң жобасындағы азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін талқылау.
Кездесу барысында спикерлер еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған өзгерістерге тоқталып, әсіресе заман талабына сай енгізілген жаңашылдықтарды атап өтті.
Жиынның ең өзекті тақырыптарының бірі – жеке деректерді қорғау мәселесі болды. Технологиялар дамыған заманда бұл мәселе әрбір азамат үшін, соның ішінде білім беру саласының мамандары үшін өте маңызды.
«Жеке деректерді қорғау — бұл жай ғана техникалық мәселе емес, бұл адамның қадір-қасиеті мен бостандығын қорғау. Жаңа Ата Заң жобасында бұл құқыққа ерекше ден қойылуы — еліміздің өркениетті жолмен дамып келе жатқанының айқын дәлелі», — деп атап өтті кездесу спикерлері.
Пушкин орта мектебінің мұғалімдері мен қызметкерлері реформаның білім беру жүйесіне және қоғамдық тұрақтылыққа тигізер оң әсері туралы пікір алмасты. Қатысушылар жеке мәліметтердің қауіпсіздігіне қатысты сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Жиын соңында ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымы 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға біркісідей қатысуға шақырылды. Бұл – әрбір азаматтың ел болашағына қосатын нақты үлесі екені айтылды.