
Аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері «Қазпошта» мекемесінің қызметкерлерімен және онда жиналған ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында елдегі маңызды қоғамдық-саяси мәселелер мен референдумның маңызы жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Коалиция мүшелері азаматтарды ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырып, референдумның қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.
Жиын барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Ашық форматта өткен кездесуде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзара пікір алмасу болды.
Мұндай кездесулер халықпен тығыз байланыс орнатып, қоғамдағы өзекті мәселелерді бірге талқылауға мүмкіндік береді.