Халықпен кездесу – маңызды бастамаларды түсіндіру алаңы

Халықпен кездесу – маңызды бастамаларды түсіндіру алаңы

Аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері Халықтық банк қызметкерлерімен және банкке келген тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында елдегі маңызды қоғамдық-саяси бастамалар мен референдумның маңызы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Коалиция мүшелері азаматтарды ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды. Сонымен қатар банк қызметкерлері мен жиналған тұрғындарға референдумның мәні мен қоғам үшін маңызы кеңінен түсіндірілді.

Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу өтті. Мұндай кездесулер халықтың саяси белсенділігін арттырып, маңызды шешімдерге азаматтардың қатысуына мүмкіндік береді.