
Бүгін Қостөбе орта мектебінде білім ордасының ұжымымен маңызды кездесу өтті. Жиынның басты тақырыбы – еліміздегі Конституциялық реформа және алдағы келе жатқан республикалық референдумның мән-маңызы.
Кездесу барысында жаңа Ата заң жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндіріліп, мемлекетіміздің саяси жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер талқыланды. Спикерлер Конституцияның халық пен билік арасындағы алтын көпір екенін, оның әрбір бабы ел болашағына тікелей әсер ететінін атап өтті.
«Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын негізгі құжат. Жаңа жобада азаматтардың мүддесі мен әлеуметтік әділдік мәселелері кеңінен қамтылған. Сондықтан әрбір азамат бұл тарихи шешімге бей-жай қарамай, 15 наурыз күні референдумға қатысып, өз таңдауын жасауы тиіс», – деді жиынға қатысушылар.
Мектеп ұжымы реформаның маңыздылығын қолдай отырып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Ұстаздар қауымы бұл өзгерістердің өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығы мен мемлекетшілдік рухын көтеруге септігін тигізетініне сенім білдірді.
Кездесу соңында барша қатысушыларды 15 наурыз күні өтетін жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысып, ел болашағы үшін дауыс беруге қатысатынын тілге тиек етті.