
Абай ауылындағы мәдениет үйінде Конституциялық реформаның мән-маңызын түсіндіру мақсатында жергілікті тұрғындармен ауқымды кездесу өтті. Жиын барысында жаңартылған Ата Заң жобасының мемлекеттілік пен қоғам дамуындағы тарихи рөлі жан-жақты талқыланды.
Кездесуде атап өтілгендей, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы – елдің саяси-құқықтық жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған батыл бастама. Бұл реформа тек заңдар жиынтығын өзгерту емес, мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа әлеуметтік келісімді орнықтыруды көздейді.
Кездесу барысында Абай ауылының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, реформаның тиімділігі туралы пікір алмасты. Ауыл ақсақалдары мен белсенді жастары бұл қадамның елдің тұрақтылығы мен әділетті қоғам орнатудағы маңызын қолдайтындықтарын білдірді.
Абай ауылдық мәдениет үйінде өткен бұл жүздесу халықтың саяси сауаттылығы мен ел тағдырына деген жанашырлығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Референдум – елдігімізді сынға салар сәт емес, бірлігімізді бекемдейтін тарихи мүмкіндік.