Көкбастау ауылында волейболдан аймақтық турнир өтті

Көкбастау ауылында волейболдан аймақтық турнир өтті

Көкбастау ауылында Бәйтерек ауылдық округі әкімінің кубогі үшін волейболдан аймақтық турнир ұйымдастырылды. Спорттық жарыс ауыл жастары мен тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген ұйымдастырушылар қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай спорттық жарыстар жастарды спортқа баулуда, достық қарым-қатынасты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Жарысқа әр ауылдан келген командалар қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Командалар шеберліктерін ортаға салып, жеңіске деген жігер мен ұйымшылдықтың үлгісін танытты.

Турнир қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер Бәйтерек ауылдық округі әкімінің кубогімен, Дипломдар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.