Референдум - елдің болашағын анықтаудағы маңызды қадам

Референдум - елдің болашағын анықтаудағы маңызды қадам

Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасында «Әділ және прогрессивті Қазақстанның Халық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы мүшелерінің медициналық мекеме ұжымымен кездесуі өтті. Кездесу барысында қатысушыларға Конституцияның жаңа редакциясында ұсынылып отырған негізгі өзгерістер туралы айтып, 15 наурызда өтетін референдумның маңыздылығын атап өтті.
Өңірлік коалиция жетекшісі Дәуіл Бейсенқұлов жаңа Конституция жобасында білім беру, ғылым, инновация және адами капиталды дамытуға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Оның айтуынша, құжат мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағытын күшейтеді және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтады.

Тараз қалалық мәслихатының депутаты Нариман Мәуленов алдағы референдумның маңызы туралы айтып, Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндірді. Өз кезегінде коалиция мүшесі Рашид Пірманов референдум қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар медицина қызметкерлерін азаматтық белсенділік танытуға және әділ әрі прогрессивті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам болатын референдумға қатысуға шақырды.