
Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-қимылдар толық тоқтап, жағдай толық тұрақтанғанға дейін келесі елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады:
-Бахрейн
-Мысыр
-Израиль
-Йемен
-Иордания
-Ирак
-Иран
-Қатар
-Сауд Арабиясы Корольдігі
-Кувейт
-Ливан
-БАӘ
-Оман
-Сирия
❗️ Өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға, соның ішінде зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға/паналау орындарына баруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болуға тағы да шақырамыз.
@PressMFAKZ