
Облыстық жалпыұлттық коалиция мүшесі Ф.Жунусова мен аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері И.Спаналиева, Б.Ақбаев #4 мектеп-лицей ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді. Жиын барысында алдағы референдумның маңызы мен ел дамуына ықпалы кеңінен түсіндірілді.
Ұстаздар қауымына жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде тұрақтылық пен бірліктің маңызы ерекше аталып өтті. Халықтық Конституцияның преамбуласы бойынша толық түсінікте берілді.
Кездесу соңында коалиция мүшелері ұжым өкілдерін референдумға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауларын жасауға шақырды.