Конституция – ұстаз мәртебесінің берік тірегі

Конституция – ұстаз мәртебесінің берік тірегі

Облыстық жалпыұлттық коалиция мүшесі Ф.Жунусова мен аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері И.Спаналиева, Б.Ақбаев С.Абланов атындағы орта мектеп ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесу барысында Конституцияның білім беру саласына қатысты нормалары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында әр азаматтың тегін орта білім алуға құқығы кепілдендірілетіні нақты көрсетілген. Бұл – ұстаздар қауымына жүктелетін жауапкершіліктің маңызын айқындайтын негізгі құқықтық негіз.

Сондай-ақ, Ата Заңда адамның құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, заң алдында теңдігі бекітілгені айтылып, бұл қағидалар білім беру үдерісінде әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етудің басты тетігі екені атап өтілді. Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, ел болашағын тәрбиелейтін тұлға. Сондықтан Конституцияда бекітілген қағидаттар педагог мәртебесін нығайтуға, олардың кәсіби қызметін қорғауға бағытталғаны ерекше айтылды.

Жиын соңында коалиция мүшелері ұстаздарды ел болашағына бейжай қарамай, референдумға белсенді қатысуға шақырды. Себебі, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы әрбір қадам – мемлекеттің тұрақты дамуына қосылған үлес.