Ел ертеңі – еңселі Ата Заң

Ел ертеңі – еңселі Ата Заң

Ақжар ауылындағы С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің ұжымымен Конституциялық реформаның маңыздылығын түсіндіру мақсатында келелі кездесу өтті. Жиын барысында ұстаздар қауымына жаңа Ата Заң жобасының басым бағыттары мен мемлекеттің саяси жаңғыру жолындағы қадамдары таныстырылды. Кездесуде атап өтілгендей, жаңа Конституция жобасы еліміздің саяси-құқықтық жүйесін жетілдіріп қана қоймай, адами капиталды дамытуға баса назар аударады. Әсіресе, білім беру, ғылым және инновация салаларын мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдығы ретінде бекіту – ұстаздар қауымы үшін ерекше маңызға ие.

С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің ұжымы ұсынылған жобаны қызу талқылап, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді. Мектеп мұғалімдері бұл реформаның Әділетті Қазақстан құру жолындағы іргелі қадам екенін, сондай-ақ жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырудағы маңызын жоғары бағалады.

"Мектеп – қоғамның айнасы. Жаңа Ата Заңның жобасымен таныса отырып, біз ел дамуының жаңа деңгейге көтерілгенін сезінеміз. Бұл өзгерістер білім саласының дамуына және жас мамандардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына тікелей септігін тигізеді", – деді мектеп ұжымының өкілдері. Жиын соңында қатысушылар алдағы жалпыұлттық референдумның тарихи маңызын атап өтіп, ел болашағы үшін таңдау жасау әрбір азаматтың қасиетті парызы екенін жеткізді. С. Сейфуллин мектебінің ұжымы реформаны біркісідей қолдайтындықтарын білдірді.