
Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс орта мектебінде Жаңа Конституция жобасының нормаларын түсіндіру аясында кездесу өтті.
Кездесу барысында жобаның негізгі баптары мен алдағы өзгерістердің басты бағыттары, сондай-ақ олардың әлеуметтік сала мен білім беру саласын дамытуға әсері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Жиын барысында Жаңа Конституция жобасындағы білім беру саласына қатысты нормалар – болашаққа салынған инвестиция. Әсіресе адами капиталды дамытуға басымдық берілуі – дұрыс стратегиялық шешім. Бұл жастарға сапалы білім алып, өз әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік беретіні жайлы айтылды.
Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейтіні және барлық білім беру ұйымдарының қызметі осы талаптарға сай болуы тиіс екені ерекше атап өтілді.