Іскер қауыммен келелі кездесу

Іскер қауыммен келелі кездесу

Аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері аудан кәсіпкерлерімен кездесу өткізіп, ел дамуының өзекті бағыттары мен алдағы референдумның маңызын талқылады.

Кездесу барысында шағын және орта бизнестің қоғамдағы рөлі, экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік жауапкершілік мәселелері қозғалды. Коалиция мүшелері референдум – елдің болашағын айқындайтын маңызды саяси қадам екенін атап өтіп, кәсіпкерлерді белсенді қатысуға шақырды.

Еркін пікір алмасу форматында өткен жиында кәсіпкерлер өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ел игілігі жолындағы бастамаларды қолдайтындарын жеткізді.