
Аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталығында тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында референдумның маңызы, оның ел болашағына әсері және әр азаматтың жауапкершілігі кеңінен түсіндірілді. Коалиция мүшелері тұрғындардың сұрақтарына нақты жауап беріп, өз таңдауын жасап, референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Референдум – бұл халықтың үнін еститін, ел дамуының жаңа бағытын айқындайтын маңызды қадам. Әрбір азаматтың дауысы – мемлекеттің ертеңіне қосқан үлесі.