Жас сайлаушылар клубы мүшелерімен шақыру қағаздарын тарату бойынша кездесу өтті

Жас сайлаушылар клубы мүшелерімен шақыру қағаздарын тарату бойынша кездесу өтті

Жастардың сайлау процесіне белсенді қатысуын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында Жас сайлаушылар клубының мүшелерімен шақыру қағаздарын тарату мәселесіне арналған кездесу өткізілді.

Кездесу барысында қатысушыларға сайлау науқанының маңыздылығы, сайлаушыларды ақпараттандыру жұмыстарының тәртібі және шақыру қағаздарын тарату алгоритмі түсіндірілді. Сонымен қатар, сайлау күні, дауыс беру уақыты мен учаскенің орналасқан жері туралы нақты әрі дұрыс ақпарат жеткізудің маңыздылығы атап өтілді.

Іс-шара аясында клуб мүшелері тұрғындармен қарым-қатынас жасау әдебі, сұрақтарға жауап беру тәсілдері және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасты. Әсіресе, бірінші рет дауыс беретін жас азаматтармен жұмыс жүргізуге ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу қорытындысында Жас сайлаушылар клубының мүшелері алдағы уақытта шақыру қағаздарын уақытылы әрі сапалы тарату жұмыстарын жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.