
Аудандық орталық кітапханада жастар мен кітапхана ұжымының қатысуымен дөңгелек үстел форматында мазмұнды кездесу өтті.
Кездесу барысында жаңа Конституцияның ел болашағы үшін стратегиялық маңызы жан-жақты түсіндіріліп, оның әділетті қоғам қалыптастырудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтудағы рөлі кеңінен талқыланды. Әсіресе, жастардың мемлекет дамуына қосар үлесі, олардың саяси сауаттылығы мен азаматтық жауапкершілігінің артуы – тұрақты дамудың негізгі кепілі екені атап өтілді.
Конституция – мемлекеттің тірегі, қоғамның темірқазығы. Онда біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз, мемлекет пен халық арасындағы өзара байланыс айқын көрініс табады. Сондықтан бұл құжатқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар – баршаға ортақ мәселе. Әр дауыс – ел болашағына қосылған нақты үлес.
Кездесу соңында қатысушылар жаңа Конституцияны қолдайтынын жеткізді.