
Облыстық және аудандық коалиция мүшелері Ф.Жунусова, А.Райқұлов, И.Спаналиева Б.Ақбаев, Е.Ермеков Ақшолақ ауылындағы Ақшолақ орта мектебі ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді. Жиын барысында алдағы референдумның маңызы, Жаңа Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі және әр азаматтың таңдау жасау арқылы ел тағдырына ықпал ету мүмкіндігі кеңінен түсіндірілді.
Коалиция мүшелері Конституциялық өзгерістердің басты мақсаты – әділетті, ашық және жауапты қоғам қалыптастыру екенін атап өтті. Педагогтар өз ой-пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ортақ мақсат – ел болашағына бейжай қарамай, референдумға белсенді қатысу қажеттігі айтылды.
Бірлік пен жауапкершілік – жарқын келешектің кепілі.