Жаңатұрмыс мектебіндегі маңызды жүздесу

Жаңатұрмыс мектебіндегі маңызды жүздесу

Облыстық және аудандық коалиция мүшелері Ф.Жунусова А.Райкулов, И.Спаналиева, Б.Ақбаев, Е.Ермеков Жаңатұрмыс ауылындағы Жаңатұрмыс орта мектебі педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында алдағы референдумның тарихи маңызы, Жаңа Конституцияда көзделген өзгерістердің ел дамуына ықпалы жан-жақты түсіндірілді. Коалиция өкілдері реформалардың басты мақсаты – халық үніне құлақ асатын, әділетті әрі ашық мемлекет құру екенін атап өтті.

Мектеп ұстаздары белсенділік танытып, өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікір алмасты. Ашық форматта өткен бұл жүздесу өзара түсіністік пен ортақ жауапкершілікті айқындай түсті.

Ел ертеңі – әрқайсымыздың таңдауымызға байланысты. Сондықтан барша азаматтарды референдумға белсенді қатысуға шақырамыз.