
Облыстық және аудандық коалиция мүшелері Ф.Жунусова, А.Райкулов, И.Спаналиева, А.Ақбаев, Е.Ермеков №5 орта мектебі ұжымымен келелі кездесу өткізді. Жиын барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайту және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктері кеңінен сөз болды.
Коалиция өкілдері референдум – ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам екенін атап өтіп, әрбір азаматтың дауысы құнды екенін жеткізді. Педагогтар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
Кездесу еркін диалог форматында өтіп, ұстаздар қауымы ел болашағына бейжай қарамай, тарихи сәтте белсенділік танытудың маңызын қолдайтындарын білдірді.
Ортақ мақсат – тұрақты даму мен әділетті қоғам құру жолында бірлесе әрекет ету.