Ы.Алтынсарин мектебінде кездесу өтті

Ы.Алтынсарин мектебінде кездесу өтті

Кұмжота ауылындағы Ы.Алтынсарин мектебінде білім беру саласының қызметкерлерімен жаңартылған Ата заң жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Жиын барысында аталған құжаттың елімізді демократиялық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне көтерудегі маңызы сөз болды.
Бұл реформаның басты ерекшеліктерінің бірі – Конституция тарихында алғаш рет білім мен ғылымға қатысты арнайы норманың енгізілуі. Ұстаздар қауымы бұл жаңашылдықты мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдау әрі кәсіби жауапкершілікті арттыратын маңызды қадам деп бағалады.

Кездесуде Қазақстанның бүгінгі таңдағы даму қарқыны мен халықаралық деңгейдегі беделі де айтылды. Дамыған мемлекеттермен иық тірестіретін жағдайға жеткен еліміз үшін Ата заңның жаңартылған редакциясы – заман талабы. Жаңа Конституцияда мемлекеттің іргелі бағыттарын айқындайтын қағидаттар мен құндылықтар нақты белгіленген.

Өзара пікір алмасу форматында өткен шарада оқу ордасының ұжымы жаңа Конституция жобасында көтерілген бастамаларды бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.
Жиын соңында мектеп ұжымы ел болашағына бейжай қарамай, алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.