
Қарасу орта мектебі ұжымымен аудандық коалиция мүшелерінің мазмұнды кездесуі өтті. Жиын барысында алдағы референдумның маңызы кеңінен түсіндіріліп, оның ел болашағы үшін стратегиялық қадам екені атап өтілді.
Коалиция мүшелері референдум – әр азаматтың өз таңдауын жасап, мемлекет дамуына үлес қосатын маңызды саяси науқан екенін жеткізді. Педагогтар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты.
Кездесу соңында мектеп ұжымы ел тағдырына бейжай қарамай, референдумға белсенді қатысуға шақырылды. Бірлік пен жауапкершілік таныту – жарқын болашақтың кепілі екені ерекше айтылды.