
Аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері Жақаш ауылындағы ауылдық амбулатория ұжымымен кездесіп, алдағы референдумның маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында ел болашағына тікелей әсер ететін бастамалардың мәні, Конституциялық өзгерістердің мазмұны кеңінен талқыланды. Медицина қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейдегі сауалдарын қойды. Коалиция мүшелері барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, мазмұнды пікір алмасу алаңын ұйымдастырды.
Халықтың таңдау жасауға белсенді қатысуы – ел ертеңіне деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Осы ретте амбулатория ұжымын референдумға белсенді қатысуға шақырып, әр азаматтың дауысы маңызды екені атап өтілді.