
Сарыкемер ауылдық округі әкімінің кубогі үшін жастар мен жасөспірімдер арасында өткен «Көңілді старт» эстафеталық аймақтық турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
Аталған жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және ауыл жастарының өзара ынтымақтастығын арттыру. Турнир барысында қатысушылар ептілік пен жылдамдықты, ұйымшылдық пен төзімділікті сынға салды. Әр команда тартысты бәсекеде барын салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Шатыр» командасы иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді. ІІ орынды «Әділ» командасы қанжығасына байласа, ІІІ орынды «Қыран» командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Сарыкемер ауылдық округі әкімінің кубогі, арнайы Дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.