
Бүгін Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің кубогі үшін ауыл тұрғындары арасында асық атудан аймақтық турнир ұйымдастырылды. Ұлттық спортты дәріптеуге бағытталған жарысқа ауылдың әр буын өкілдері қатысып, мергендік пен ептіліктерін сынға салды.
Асық ату – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойыны. Салтанатты ашылу рәсімінде ұйымдастырушылар мен қонақтар сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Турнир барысында қатысушылар дәлдік пен шапшаңдықты талап ететін кезеңдер бойынша бақ сынасып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды – Сартов Медет, ІІ орынды – Байжанов Жұмагелді, ІІІ орынды – Медетбеков Қуаныш иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің кубогі, арнайы Дипломдармен марапатталды.