Ботамойнақта волейболдан аймақтық турнир өтті

Ботамойнақта волейболдан аймақтық турнир өтті

Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің кубогі үшін волейболдан аймақтық турнирі спорт кешенінде болып өтті.

Дәстүрлі жарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және ауыл жастарының өзара достығы мен ынтымақтастығын арттыру. Турнирге аймақтың түрлі елді мекендерінен келген командалар қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс барысында командалар шеберлік пен ұйымшылдықтың үлгісін танытты.

Жарыс соңында үздік өнер көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің кубогімен, Дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.