Көкталда волейболдан аймақтық турнир өтті

Көкталда волейболдан аймақтық турнир өтті

Көктал ауылындағы кіші футбол алаңшасында Көктал ауылы әкімінің кубогі үшін волейболдан аймақтық турнир ұйымдастырылды. Дәстүрлі сипат ала бастаған спорттық шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Турнирге ауылішілік командалар қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс барысында спортшылар шеберлік пен ұйымшылдықтың үлгісін танытып, жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әр кездесуде командалар жеңіске деген жігерін байқатып, алаңда нағыз спорттық бәсеке қалыптасты.

Салтанатты ашылу рәсімінде ұйымдастырушылар жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай турнирлердің ауыл спортының дамуына серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар, жас буынға үлгі боларлық бұқаралық спорт шараларын жиі өткізу – уақыт талабы екені айтылды.

Турнир қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен командалар арнайы кубок, Диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз команда Көктал ауылы әкімінің кубогін иеленіп, өздерінің мықтылығын дәлелдеді.