Қостөбе ауылдық округіне қарасты Қостөбе орта мектебінде ауылдық округі әкімінің кубогі үшін гір тасын көтеруден аймақтық турнир өткізілді. Дәстүрлі спорт түрін дәріптеуді мақсат еткен жарысқа өңірдің бірнеше елді мекенінен келген спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Турнирдің басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, жастарды күштік спорт түрлеріне баулу және салауатты өмір салтын насихаттау. Гір тасын көтеру – төзімділік пен күшті, қайсарлық пен тәртіпті талап ететін спорт. Жарыс барысында қатысушылар серпе және жұлқа көтеру жаттығулары бойынша өз мүмкіндіктерін сынға салды.
Салтанатты ашылу рәсімінде ұйымдастырушылар мен қонақтар сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Олар мұндай жарыстар ауыл жастарының спортқа қызығушылығын арттырып қана қоймай, елді мекендер арасындағы ынтымақтастықты нығайтатынын атап өтті.
Тартысты өткен бәсеке қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубок, Диплом және бағалы сыйлықтар табысталды. Үздік нәтиже көрсеткен спортшы Қостөбе ауылдық округі әкімінің кубогіне ие болды.