Ұстаздармен маңызды кездесу өтті

Ұстаздармен маңызды кездесу өтті

Аудандық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Ақжар ауылындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектеп педагогикалық ұжымымен және ардагер ұстаздармен мазмұнды кездесу өткізді.

Жиын барысында Конституциялық реформалардың мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, алдағы референдумның ел болашағы үшін тарихи қадам екені атап өтілді. Ұстаздар қауымы өз пікірлерін білдіріп, ұсыныс-тілектерімен бөлісті.

Коалиция мүшелері білім саласы қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі айрықша екенін айтып, әр азаматты референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, мазмұнды сұхбат алаңына айналды.