Референдум: Спорт – жігер, бірлік және жауапкершілік мектебі

Референдум: Спорт – жігер, бірлік және жауапкершілік мектебі

Байзақ аудандық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Түймекент ауылындағы спорт кешенінде жас спортшылармен және жаттықтырушылар құрамымен мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесу барысында Конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызы, ел болашағын айқындайтын референдумның тарихи рөлі кеңінен түсіндірілді. Спорт – тәртіп пен табандылықтың, отансүйгіштік пен жауапкершіліктің мектебі екені айтылып, жастарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

Спортшылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Коалиция мүшелері ел тағдырына бейжай қарамай, референдумға қатысу – әр азаматтың маңызды таңдауы екенін жеткізді.