Жаңа Конституция – елдіктің айқын бағдары

Жаңа Конституция – елдіктің айқын бағдары

Бүгін Жалғызтөбе ауылдық округі Жетібай ауылдық мәдениет үйінде тұрғындармен жаңартылған Конституциялық реформаны талқылауға арналған жиын өтті.

Кездесудің басты тақырыбы — жаңартылған Ата Заңның маңызы мен оның мемлекетіміздің болашағына тигізер әсерін талқылау.

Жаңа Конституция жобасын әзірлеуге арнайы Конституциялық комиссия жарты жылға жуық уақыт жұмсады. Бұл процестің басты ерекшелігі — ашықтық пен халықтың үніне құлақ түру.

Жаңа Конституция — еліміздің қазіргі саяси-құқықтық даму кезеңінің айнасы. Оның өзегінде ең басты құндылық — Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары тұр. Бұл құжат Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік реформалардың заңды негізі болып табылады.

Ауыл тұрғындарымен өткен бұл кездесу Ата Заңның халықтық сипатын тағы бір мәрте дәлелдеді. Жаңа Конституция — бұл жай ғана заңдар жиынтығы емес, бұл әрбір азаматтың құқығын қорғайтын және мемлекеттің мызғымас іргетасын бекітетін тарихи құжат.