Жетібайдағы маңызды кездесу: медицина қызметкерлерімен ашық пікір алмасу

Жетібайдағы маңызды кездесу: медицина қызметкерлерімен ашық пікір алмасу

Аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері И.Сәлімбаев, Г.Ермекова, Қ.Үкібаева, Ең.Рыскелдіұлы Жетібай ауылы ауылындағы ауылдық амбулатория қызметкерлерімен кездесу өткізіп, ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында Конституциялық реформалардың мән-маңызы, оның әлеуметтік салаға, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесіне тигізер ықпалы кеңінен түсіндірілді. Медицина қызметкерлері қоғамның саулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген жандар ретінде мемлекеттегі тұрақтылық пен әділеттіліктің маңызын ерекше атап өтті.

Ашық форматта өткен жиында қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Сондай-ақ, алдағы референдумға белсенді қатысу – әрбір азаматтың азаматтық борышы екені айтылды.

Мазмұнды кездесу өзара сенім мен түсіністікті нығайтып, ортақ мақсат жолындағы бірлікті айқындай түсті.