Еңбек ұжымымен кездесу өтті

Еңбек ұжымымен  кездесу өтті

«Ескермес» ЖШС кірпіш зауытының еңбек ұжымымен аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері А.Жантаев, Ж.Аруанов, А.Қалабаев кездесу өткізіп, ел дамуының маңызды бағыттары төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында Конституциялық бастамалардың мәні, олардың қоғамдағы әділеттілік пен тұрақтылықты нығайтудағы рөлі жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, алдағы референдумның ел болашағы үшін маңыздылығы айтылып, әр азаматтың белсенді ұстанымы мемлекет тағдырына тікелей әсер ететіні атап өтілді.

Еңбек адамдары өз ой-пікірлерін ортаға салып, көкейдегі сұрақтарына нақты жауап алды. Ашық диалог форматында өткен жиын өзара түсіністік пен сенімді арттырды.

Мұндай кездесулер – қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтып, халықтың саяси сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам.