
Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы орталық алаңда дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Аудандағы шаруа қожалықтары мен жергілікті өндірушілер өз өнімдерін тұрғындарға нарық бағасынан төмен ұсынды.Жәрмеңке таңертеңнен бастап халықтың қарасы қалың болды. Ауданның түкпір-түкпірінен келген шаруалар сөрелерге жаңа сойылған ет, сүт өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектерді толтырды.Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке тек тұрғындарға ғана емес, шаруа қожалықтарына да үлкен қолдау. Өз өнімін делдалсыз, тікелей тұтынушыға ұсыну – ауыл еңбеккерлерінің табысын арттыруға септігін тигізеді.
Байзақ ауданы әкімдігінің қолдауымен өткен бұл шара ауылдың әлеуметтік-экономикалық тынысын жандандырып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.