“Алель Агро” АҚ ұжымымен кездесу өтті

“Алель Агро” АҚ ұжымымен кездесу өтті

Жалпыұлттық коалиция өкілдері Көктал ауылындағы Алель Агро АҚ-ның ұжымымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру және тұрғындардың сұрақтарына жауап беру болды.

Жиын барысында облыстық және аудандық деңгейдегі коалиция мүшелері конституциялық өзгерістердің мәніне тоқталып, оның ел дамуы үшін маңызын атап өтті. Конституцияның кейбір баптарына байланысты сұрақтар талқыланып, тұрғындарға нақты түсіндірулер берілді.

Кәсіпорын қызметкерлері белсенділік танытып, өз ойларын ашық жеткізді. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, өзара түсіністік пен қолдау тапты.

Конституцияның басты артықшылығы – әділетті қоғам құруға, заң үстемдігін нығайтуға және әр азаматтың құқығын қорғауға басымдық беруінде. Сонымен қатар, халықтың мемлекеттік шешімдерге қатысу мүмкіндігі кеңейіп, билік тармақтарының тепе-теңдігі күшейетіні ауыл тұрғындарына жеткізілді.

Бұл өзгерістер елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға қызмет ететіні баса айтылды.