Ләңгі тебуден аймақтық турнир өтті

Ләңгі тебуден аймақтық турнир өтті

Сазтерек ауылдық округі әкімі кубогіне орай ұлттық спорт түрі – ләңгі тебуден ауылдық округ турнирі ұйымдастырылды. Дәстүрлі ойын түрін дәріптеуді мақсат еткен жарысқа жалпы саны 14 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Турнирдің ашылу салтанатында ауылдық округ ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жүнісов Керімбек сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ауыл ардагерлері барша тұрғындарды, әсіресе жастарды 15 наурызда өтетін референдумға біркісідей қатысуға шақырды. «Баталы құл арымас» деген қариялар елдің амандығы мен жаңа бастамалардың сәтті болуына ақ баталарын берді.

Жарыс барысында спортшылар шеберліктері мен ептіліктерін көрсетіп, көрермендерге тартысты сәттер сыйлады. Әсіресе қатысушылардың төзімділігі мен жылдамдығы жоғары бағаланды.

Турнир қорытындысы бойынша ІІІ орынды - Нұржігіт Дәуренбеков, ІІ орынды - Керімбек Жүнісов, І орынды - Бақтияр Түменбаев
иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ауылдық округ әкімі тарапынан дайындалған кубок, Диплом және медальдармен марапатталды.