Волейболдан аймақтық турнир өтті

Волейболдан аймақтық турнир өтті

Ынтымақ ауылдық округіне қарасты Мәдімар ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінде Ынтымақ ауылдық округі әкімінің кубогі үшін волейболдан аймақтық турнир өтті.

Бұқаралық спортты дамыту және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен жарысқа бірнеше командалар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Турнирдің ашылу салтанатында ұйымдастырушылар қатысушыларға сәттілік тілеп, волейбол – ұйымшылдық пен шапшаңдықты талап ететін спорт түрі екенін атап өтті.

Жарыс барысында командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін паш етті. Әр кездесуде ойыншылардың шеберлігі мен алаңдағы өзара түсіністігі айқын байқалды. Көрермендер де белсенді қолдау білдіріп, спорттық дода жоғары деңгейде өтті.

Қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен командалар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз командаға Ынтымақ ауылдық округі әкімінің кубогі табысталды.