Аймақтық турнир өтті

Аймақтық турнир өтті

Темірбек ауылдық округі әкімінің кубогі үшін асық атудан аймақтық турнирі Темірбек ауылдық округіне қарасты Тегістік ауылындағы Ә.Жанқұлиев атындағы орта мектебінде ұйымдастырылды.

Ұлттық спортты ұлықтап, жас ұрпақтың бойына салт-дәстүрге деген құрметті сіңіруді мақсат еткен жарысқа мектеп оқушылары қатысып, өзара бақ сынасты. Турнирдің ашылу салтанатында ұйымдастырушылар қатысушыларға сәттілік тілеп, асық ату – бабалардан жеткен мұра екенін атап өтті.

Сайыс барысында ойыншылар мергендік пен ептіліктің үлгісін көрсетіп, шынайы тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әр кезең қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар марапатталып, жеңімпаздарға Темірбек ауылдық округі әкімінің кубогі табысталды.

Аймақтық турнир ұлттық спортты дамытуға серпін беріп, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосты. Сонымен қатар, мұндай жарыстар ауыл жастарының бір-бірімен тәжірибе алмасуына, достық қарым-қатынасты нығайтуына мүмкіндік береді.