Арқан тартудан аймақтық турнир өтті

Арқан тартудан аймақтық турнир өтті

Көптерек ауылдық округіне қарасты Кеңес ауылындағы Кеңес орта мектебінде Көптерек ауылы әкімінің кубогі үшін арқан тартудан аймақтық турнир ұйымдастырылды.

Ұлттық спорт түрін дәріптеуді және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен жарысқа мектеп оқушыларынан құралған командалар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Турнирдің ашылу рәсімінде ұйымдастырушылар қатысушыларға сәттілік тілеп, арқан тарту – бірлік пен күштің, ұйымшылдықтың символы екенін атап өтті.

Сайыс барысында командалар өзара тартысты дода көрсетіп, төзімділік пен ұйымшылдықтың үлгісін танытты. Әр кезеңде жанкүйерлердің қолдауы ерекше сезіліп, жарыс жоғары деңгейде өтті. Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз командаға Көптерек ауылы әкімінің кубогі табысталды.