Конституция – тек заңдар жиынтығы емес, ол – мемлекеттің бағыт-бағдарын айқындайтын құндылық

Конституция – тек заңдар жиынтығы емес, ол – мемлекеттің бағыт-бағдарын айқындайтын құндылық

Республикалық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалиция мүшелері – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары М.Ескендіров, М.Әбутәліп және Д.Бейсенқұлов Байзақ ауданының мәдениет саласы қызметкерлерімен мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесу барысында Конституциялық бастамалардың мән-маңызы, ел дамуының жаңа кезеңіндегі құқықтық реформалардың рөлі, қоғамның әр саласына, соның ішінде мәдениет кеңістігіне берер мүмкіндіктері кеңінен талқыланды. Депутаттар Конституция – тек заңдар жиынтығы емес, ол – мемлекеттің бағыт-бағдарын айқындайтын, азаматтардың құқығы мен бостандығын бекітетін басты құндылық екенін атап өтті.

Мәдениет қызметкерлері ұлттық бірегейлікті сақтау, рухани құндылықтарды нығайту, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді қалыптастыру жолында маңызды миссия атқарып отырғанын жеткізді. Өз кезегінде коалиция мүшелері ұсынылып отырған өзгерістер әділетті қоғам құруға, мемлекеттік басқару ашықтығын арттыруға, азаматтық белсенділікті күшейтуге бағытталғанын нақты мысалдармен түсіндірді.

Емен-жарқын пікір алмасу форматында өткен жиын ел болашағына бейжай қарамайтын зиялы қауым өкілдерінің ортақ жауапкершілігін айқындады. Халықтық Конституция – әрбір азаматтың таңдауымен бекитін тарихи шешім екені айтылып, мәдениет саласы қызметкерлері референдумға белсенді қатысуға шақырылды.

Бұл кездесу – заң үстемдігіне негізделген, әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды бірге құру жолындағы маңызды қадам болды.

Ақпараттық медиа орталығы